03 желтоқсан 2020 07:51

Теміртау тұрғындары үйінде тоңып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Теміртауда жүздеген тұрғын үйінде тоңып отыр. Олар электр радиаторларын қосуға мәжбүр. Ал әзірше кінәлілер табылғанша, аймақта 30 градус аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Теміртауда жүздеген тұрғын үйінде тоңып отыр. Олар электр радиаторларын қосуға мәжбүр. Ал әзірше кінәлілер табылғанша, аймақта 30 градус аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Теміртауда Абай, Момышұлы, Уәлиханов және Металлургтер көшелерінің тұрғындары жылусыз тұрып жатыр. Пәтер ішіндеге температура - бар болғаны 15 градус. Норма бойынша 18 болуы керек. Тұрғындардың айтуынша, жылытқыш батареялар құтқарып отыр.

"Міне, 15 градус. Күні бойы киініп жүреміз. Көшеге шықтым. Үйге қарағанда дала жылы. Мен жылыну үшін көшеге шықтым", - дейді Теміртау тұрғыны Сәуле Адыкеева.

Соған қарамастан тұрғындар жылу үшін толық төлем жасайды. Теміртаулықтардың айтуынша, қызмет көрсететін "Оқжетпес" компаниясы жылуды дұрыс бермей отыр. 

"Бізге "Оқжетпес" жылу жеткізбей отыр. Олар үйдің іргетасына дейін дұрыс температура бермейді. Жылу емес, мұз. Мұны жылу деуге бола ма?" - дейді Теміртау тұрғыны Наталья Холодова.  

Энергетиктер жергілікті ЖЭЦ-тер мен желілерде апат болмағанын атап өтті. Барлық қазандық жұмыс істеп тұр. Мәселе ПИК-тің жұмысында болып отыр және олар жылыту маусымына дұрыс дайындалмаған. Көптеген тұрғын ережені сақтамай жылыту жүйесін өзінше өзгертіп алған. Мұны пәтер иелері өзі қадағалауы керек.

Әзірше кінәлілерді іздеп жатқанда далада күн аяз. Кішкентай балалары бар отбасыларға тым қиын болып тұр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети