08 ақпан 2023 09:03

Теміртауда тұрғындар құрылыс салушыны жазалауды талап етті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК/видео кадры КТК/видео кадры

Теміртауда жаңа баспана алған тұрғындар шенеуніктерден құрылысшыны жазалауды талап етіп отыр. Тұрғындар жалдамалы тұрғын үйді желтоқсанның ортасында алған, осы уақыт ішінде қабырғаларда жарықтар пайда болып, кейбір сантехника заттары бұрыннан қолданыста болған тәрізді көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.


Теміртауда жаңа баспана алған тұрғындар шенеуніктерден құрылысшыны жазалауды талап етіп отыр. Тұрғындар жалдамалы тұрғын үйді желтоқсанның ортасында алған, осы уақыт ішінде қабырғаларда жарықтар пайда болып, кейбір сантехника заттары бұрыннан қолданыста болған тәрізді көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Қоғамның әлеуметтік осал топтары жаңа үйлерге екі ай бұрын ғана қоныстанды, бірақ көптеген жағымсыз тосынсыйларға тап болған.

"Бүкіл қабырға жарылған. Айтыңызшы, мұны қалай қабылдап алуға болады?! Олар бұл жерге көздерін байлап кіріп, қол қойып, ештеңені көрмей, кетіп қалған сияқты. Біздің климатымызда балкондар да жабылған болуы керек, кейін үй суық дегенде: "Демек, балкон жабылмаған ғой". Міне, жауап. Барлық құрылысшылар мен қабылдау комиссиясына ұят!" – деп шағымданады үй тұрғыны Любовь Никитина.

Балкондарды жабу қаралмаған болып шықты. Сондықтан желді күндері пәтерлерде суық болады. Бұл ретте Теміртауда жылу қыс бойы үзілістермен беріледі. Үйдің қабылданғанына екі ай өтпесе де, пәтерлердегі су құбырлары бұрын қолданылған сияқты.

Әкімдік жаңа қоныстанушылардың мәселесіне құлақ салып, барлық талаптарды құрылыс салушыға жолдап үлгергендерін айтты.

"Бүгінде мердігер бұл ескертулерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, осы аптада құрылыс салушы - "Балқаш Жібек жолы" ЖШС өкілдерімен үй тұрғындарымен кездесу өтеді", - деп жағдайға қатысты Теміртау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрылысы секторының меңгерушісі Нұржас Жәкітай пікір білдірді.

Теміртауда жалға берілетін тұрғын үйлер өте сирек салынатыны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети