Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Тэнге" дейтінмін, қазір үйрендім". Ресейлік танымал блогер Қазақстанға көшуі туралы айтты 11 тамыз 2022, 12:28

24 жастағы танымал ресейлік блогер Евгений Курчанов Мәскеуден Алматыға көшіп келген. Жас жігіт Қазақстанда тіл мектебін ашып, еліміздің аймақтарын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:instagram.com/ekurchanov Фото:instagram.com/ekurchanov

24 жастағы танымал ресейлік блогер Евгений Курчанов Мәскеуден Алматыға көшіп келген. Жас жігіт Қазақстанда тіл мектебін ашып, еліміздің аймақтарын аралап, блогтарында алған әсерін бөліседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Евгений Курчанов Вологдада көпбалалы отбасында дүниеге келген. Танымалдылыққа ие бола бастағаннан кейін Мәскеуге көшкен.

"Мені таңғалдырғаны, қазақстандықтардың Вологда қаласы туралы әнді білетіні, бірге айта бастайды, тіпті Ресейде бұл әнді көбі білмейді, бірақ мұнда бәрі біледі. Ағылшын тілінен сабақ беруді шештім, маған ұнайды.

TikTok-та блог бастауға кеңес берген, Instagram және Vk.com-да блогтарым болды, бірақ TikTok-тың аудиториясы өте жақсы. Ағылшын тілі туралы бейнероликтер түсіре бастадым, олар жақсы қаралым жинады. Блогымның концепциясы - адамдарды әзіл арқылы ағылшын тілін үйренуге ынталандыру", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Евгений Курчанов (@ekurchanov)

2-3 жылдан кейін жігіт TikTok-та 6 миллион оқырман жинаған.

"Менің онлайн ағылшын мектебім бар, командам бар, жалақы төлеуймін. Ресейде Instagram, TikTok жабылды, курстарымды еш жерде жарнамалай алмадым, жарнама сатып алу мүмкін болмады. Жарнаманы Ресейде монополияға айналған Vk.com сайты арқылы ғана сатып алуға болады, бұл өте қымбат. Досым екеуміз Қазақстанда жарнама сатып алмақ болдық, ол Ресейден әлдеқайда арзанға шықты.

Бір досым Қазақстанға кел, IP-ге құжат тапсыр деп кеңес берді. Мен бір-екі апта келемін деп ойладым, бірақ қазір Қазақстанда тұрып жатқаныма 4 айдан асты. Мен дінге сенетін адаммын, досым түс көрген. Мен оған Қазақстан соңғы үмітім екенін айтқан екенмін. Ол Қазақстан туралы ештеңе білмейді, ол мұнда болмаған, менің жоспарларым туралы ештеңе білмеген", - деді Евгений.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Евгений Курчанов (@ekurchanov)

Бірнеше ай бұрын блогер Қазақстан туралы жаңа TikTok парақшасын ашқан, онда қазір 500 мыңға жуық жазылушысы бар.

"Менің атым Евгений. Досым қазақша атым Жандос болатынын айтты, сондықтан TikTok желісінде өзімді Жандос Курчанов деп атадым, адамдарға бұл ұнады. Маған түрлі халықтың салт-дәстүрі, тіл үйрену ұнайды, бұл өте қызық. Жаңа парақшамда қазақ тілін қалай үйренетінімді, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, ұлттық тағамдарды көрсетуді жөн көрдім", - деді блогер.

Блогер қазақстандық досы оған Алматыға көшуге кеңес бергенін айтты.

@kurchanov_kz #семей #казахстан ♬ оригинальный звук - Жандос Курчанов

"Мен Қазақстан бойынша екі рет сапарға шықтым. Алматы облысына барып, Шарын шатқалын көрдім. Мені таңғалдыратыны, Қазақстанда көріністің тез өзгеретіні: шөл болса, сосын бірден таулар, сосын жасыл желектер, сосын жартас, пейзаж үнемі өзгеріп отырады. Екінші рет сапарға шыққанымда, Ақтөбеге бардым. Семейде, Өскеменде болдым және Нұр-Сұлтанда бір сағат аялдағаным бар", - деді Евгений.

@kurchanov_kz

А вы пробовали курт со сливками? 😀

♬ оригинальный звук - Жандос Курчанов

Ресейлік азамат қазақстандықтар орыс тілін өте жақсы меңгергеніне таңғалғанын айтты.

@kurchanov_kz

♬ оригинальный звук - Жандос Курчанов

"Мұнда мен өзімді үйдегідей сезінемін, орыс тілінде сөйлейтіндер көп. Мәскеуде мен қазақстандық бір әйелден пәтер жалдап тұрдым. Ол маған Қазақстанда орыстарды онша ұнатпайтынын айтты. Мұнда келгенде, өте сақ болуға тырыстым, бірақ бұл жерде мүлде олай емес екенін түсінемін. Маған оңтүстік облыстарда қазақша сөйлейтіндер көбірек екенін айтты.

Бірақ өзім де мәдениетке, тілге құрметпен қарауға тырысқандықтан болар, ешбір келеңсіздікті кездестірген жоқпын. Мен өзім қазақ тілін үйреніп жүрмін, оны насихаттауға тырысамын, қазақ тілінде жарнамалық интеграциялар болды. Кассада ақша төлеп тұрып, қазақ тілін үйреніп жүргенімді айтсам, сатушылар маған: "Біз де" деп жауап береді. Мен көбінің орысша сөйлейтініне таңғалдым. Маған Алматыда орысша білмесең қиынырақ сияқты көрінді", - деді ол.

@kurchanov_kz

Как вам мой казахский теперь? 😄 РОЛИК ПЛАТНЫЙ! ЦЕНА: ❤️ и ПОДПИСКА 🥰

♬ оригинальный звук - Жандос Курчанов

Блогер қазақ сөздері мен адам аттарының орыс тілінде айтылу ерекшеліктеріне де тоқталды.

"Әлеуметтік желілерде Президент Тоқаевтың фамилиясын "а" әрпі арқылы айтуыма қатысты хейт болды. Мен оны "о" әрпі арқылы айтуға тырысқаныммен, бәрібір адамдар басқаша естиді. Бізде "а" әрпі арқылы айтылатын есімдер өте көп, мысалы, Оксана есімі. Мен Тоқаевтың ағылшынша сөйлегені туралы видео түсірдім, ол өте жақсы сөйлейді. Видео астындағы әрбір пікір фамилияның айтылуы туралы болды.

"Теңге" сөзінің айтылуы туралы мен де басқа ресейліктер сияқты "тэнге" дейтінмін. Қазір үйрендім, бәрін дұрыс айтамын", - деді Курчанов.

@kurchanov_kz Оказывается, Гранд Каньон находится в Казахстане 🤯 Спасибо @#TravelKazakhstan#TravelKazakhstan#TravelKazakhstan ♬ оригинальный звук - Жандос Курчанов

Курчанов әзірге Ресейге оралу жоспары жоқ екенін атап өтті.

@kurchanov_kz

♬ оригинальный звук - Жандос Курчанов

"Ресейдегі оқиғалардан кейін мен дүниетанымымды өзгерттім, біріншісі пандемиямен байланысты болды, мен барлық жоспар өзгеруі мүмкін екенін түсіндім. Ақпандағы оқиғалардан кейін мен жоспар құруды қойдым. Кейінгі уақытта Мәскеуде тұрдым, онда Алматыдағыдай таулар жоқ, әрине, саябақтар бар, бірақ мұндағыны Мәскеумен салыстыруға болмайды. Менің ойымша, күйзелістегі Мәскеуге оралудың мағынасы жоқ", - деп түйіндеді Евгений.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram