16 қараша 2015 15:31

Tengrinews.kz сайты бес жылдық жұмысына қорытынды жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 15 қарашасында бес жылдығын атап өткен Tengrinews.kz ақпарат порталы өз жұмысына қорытынды жасады.


2015 жылдың 15 қарашасында бес жылдығын атап өткен Tengrinews.kz ақпарат порталы өз жұмысына қорытынды жасады.

Сайт ашылғалы бері жаңалықтарды 47 миллион қолданушы оқыды, көрілімдердің жалпы саны - 856 миллион. Оқырмандардың географиясы кең - бізді әлемнің 235 елінен адамдар оқиды. Бір қызығы, басылымның жұмысы кезінде қолданушылар сайтта 304 жыл болған, бір сеанс орташа есеппен 3,4 минутқа созылған. 

Tengrinews.kz сайтын электронды құрылғылардың басым бөлігінде оқуға мүмкіндік бар. Веб-сайтпен қатар, Iphone, Ipad, Android және Windows Phone қосымшалары жұмыс істейді. Сонымен қатар, сайтты Smart TV қосымшасы арқылы оқи аласыздар. Android қосымшасы 135 мың рет, Iphone - 110 мың рет, Ipad - 20 мың рет, Windows Phone - 7 мың рет, Smart TV - 250 рет жүктелген.

Ашылғалы бері Tengrinews.kz ұжымы 160 мыңнан аса жаңалық, 500 фотобаян, көзқарас пен блогтар айдарында 500 мақала және сонша сараптама мақала жариялады. Оқырмандар 1,7 миллионнан аса пікір жазды. Ең көп адам 2015 жылдың 23 шілдесінде тіркелді, сол уақытта сайтқа 600 мың адам кірді, көрілім саны 3,3 миллионға жетті. 

Мұнымен қатар, сайттың әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Ең көп оқырманы бар парақша Twitter желісінде - 165 мың адам. Instagram желісінде 60 мың адам жазылған, "ВКонтакте" желісінде 46 мың, Facebook желісінде 16 мың қолданушы бар. Сайтқа көптеген басылымдар сілтеме жасайды, оның ішінде әлемнің ірі БАҚ-тарынан бастап жеке блогтарға дейін - жалпы 20 мың домен. 

Қазақ тіліндегі нұсқасының әлеуметтік желілеріне тоқталсақ, қазіргі уақытта "ВКонтакте" желісінде - 17 мың, Facebook желісінде - 2288, Twitter желісінде 1400 және Instagram желісінде 6790 жазылушы бар. Tengrinews.kz сайтының ағылшын тіліндегі нұсқаcы да бар. Мұнымен қатар, Tengrinews TV жобасы іске қосылды, онда 24 мың адам жазылған және 23 миллион көрілім жинаған. Сонымен бірге, МИКС, "Жеңімпаздар", "Обещания", "Қазақстан заңдары", "Пресс-релизы" сияқты арнайы жобалар жетістіктен құр алақан емес. "Жеңімаздар" бөлімін Қазақстанның Қорғаныс министрлігі "Интернет-басылымындағы үздік жарияланым" аталымында атап өтілді.

"Tengrinews.kz нағыз қазақстандық өнім. Бұл біздің кәсіби жұмысымыздың ең басты белгісі. Біз қазақстандық журналистиканың, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Ісімізге барынша кәсіби тұрғыда қарағымыз келеді, себебі еліміз кәсіби мамандарсыз әлсіз болады. Қолымыздан келеді деп үміттенеміз. Бұл жайында біздің оқырманымыз әділ бағасын бере жатар", - деді Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаев.

"Effective Media Liaison" ЖШС директоры Сұңқар Қарабалиннің пікірінше, сайттың бәсекелестігінің басты басымдығы - жедел, әділ және конвергенттілігінде. "Tengrinews.kz сайының әрбір тілшісі ақпарат алудың барлық заманауи құралын пайдалана алады. Біз Интернет-БАҚ арасында Қазақстан Президентінің алғыс хатын бірінші болып алдық. Сонымен қатар, ашылғанына үш жыл болғанда Tengrinews.kz AWARD сыйлығын онжылдықтың үздік сайты сыйлығын алды. Мақсат-мұраттарымызға келер болсақ, біз аудиториямызға барынша адал болып қалғымыз келеді, осы қасиетімізбен біз жоғары рейтингке ие болып отырмыз. Меніңше, егер дәл осы қарқында жұмыс істей берсек, аудиториямыз кеңейе береді", - деді Қарабалин. 


Tengrinews.kz сыйлықтары

Өз кезегінде Tengrinews.kz ақпарат қызметінің директоры Айбек Алдабергенов портал оқырмандарының қолдау білдіргеніне, дамуға үлес қосқанына алғыс айтты. "Өңірлердегі әріптестерімізге, тілшілерімізге және сайтта жұмыс істеп, дамуға зор үлестерін қосқан барлығына алғыс айтамын. "Өзекті ақпаратты өз уақытында" жеткізу марафоны жалғасады. Бәрімізге жақсы жаңалықтар тілеймін!", - деді ол.

Айта кетейік, сайттың оқырмандары өз жаңалықтарын және ұсыныстарын +7 777 0176747 WhatSapp/номері арқылы хабарлай алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети