Былтыр Теңіз кен орнында жаппай тәртіпсіздіктерді тергеу нәтижесінде Атырау облысының тұрғынына 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды ATPress.kz.
Былтыр Теңіз кен орнында жаппай тәртіпсіздіктерді тергеу нәтижесінде Атырау облысының тұрғынына 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды ATPress.kz.
Басылым мәліметінше, Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылында тұратын "ССЕР" ЖШС 26 жастағы бригадирі, сот алдына келген жалғыз адам. Ол басқа жұмысшылармен бірге екі шетелдікті аялдамада ұрып соққан (тергеу барысында анықталмады). Ол өзін сотта кінәлі емесін айтты.
"Сот үкімімен Т.М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды. Оған бұлтартпау шарасы 2019 жылғы 2 шілдеден 4 шілдеге дейін қамауда ұстау, ал 2019 жылғы 4 шілдеден 4 желтоқсанға дейін үйде қамауда ұстау түрінде қолданылуына байланысты, Қылмыстық кодексінің 62-бабы 3, 4-тармақтарының негізінде тағайындалған жаза - 300 сағат қоғамдық жұмыс - ақталды деп есептеледі", - деп түсіндірді Атырау облыстық сотын өкілдері.
Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады
Өз кезегінде, өңірдің ПД өкілдері Теңіз кен орнындағы болған тәртіпсіздіктер салдарынан 44 адам медициналық көмекке жүгінгенін айтты. Олардың 38-і шетелдік, қалғандары - Қазақстан азаматтары. Қылмыстық іс 293-бап ("Бұзақылық") бойынша тергелді.
Былтыр 29 маусымда Теңіз вахталық кентінде (Атырау облысы) тәртіпсіздіктер болды. Consolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L. Offshore (ССЕР) компаниясының жұмысшылары шетелдік маманның мессенджерде қойған суретне наразылық білдірген.
Қақтығыс нәтижесінде бірнеше жұмысшы жарақат алды. Сондай-ақ, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов теңіздегі тәртіпсіздіктер кезінде ешкім қаза таппағанын айтты. Кейін желіде шетелдік қызметкер Теңіз кен орнының жұмысшыларынан кешірім сұрады.
Сол кезде Атырау облысының әкімі қызметінде болған Нұрлан Ноғаев қақтығыстың әр түрлі еңбек жағдайларына байланысты туындағанын атап өтті.