Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (ССЕР)" бас директоры Кауаш Хишам жағдайды реттеу үшін Атырауға келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (ССЕР)" бас директоры Кауаш Хишам жағдайды реттеу үшін Атырауға келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Кауаш Хишамның әлеуметтік желілерде жарияланған бейне үндеуінде айтылғандай, ол Теңіз жұмыс кентіндегі ССЕР компаниясының қызметкерлері арасындағы жанжал туралы білген бойда, жағдайды реттеу үшін бірден Атырау облысына келді.

"Қайырлы күн! Мен Эли Даудтың іс-әрекеті үшін барлығынан кешірім сұрағым келеді. ССС басшылығы мен қызметкерлерінің атынан бұл ССС-дің саясатына, құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмейтін келеңсіз оқиға болғанын айтқым келеді. Мен осы оқиға туралы білгеннен кейін онымен арадағы келісім-шарт бұзылып, ол жұмыстан босатылды. Біз осы жағдайға қатысты толық ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды қабылдайтын боламыз. Қолымды жүрегіме қойып, ССС-дің өзінің бауырлас қазақтарға ерекше құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Мен болған жәйт үшін тағы да кешірім сұраймын. Осы оқиға туралы естіген бойда дереу Атырауға жағдайды реттеу үшін ұшып шықтым. Бүгінгі таңда Теңіздегі жағдай тұрақты, өлім-жітім, ауыр дене жарақаттары болған жоқ", - деді Кауаш Хишам өзінің бейне үндеуінде.

Еске салсақ, оқиға 29 маусымда сағат 11:00-де "Теңіз" вахталық ауылында болды, "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)" компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer