03 маусым 2018 17:53

The Spirit of Tengri. Екінші күн. Live

ПОДЕЛИТЬСЯ

Yele. © On party me. Yele. © On party me.


23.15 Музыка және ерекше атмосфера бүгінгі қолайсыз ауа райын жеңді! Бізбен бірге болғаныңыз үшін, рақмет!

22.35 The Spirit of Tengri 2018 финалдық аккорды - Steppe Scape жобасы!

21.33 Сахнаға Speed Caravan тобы шықты.

21.20 Yele тобының мүшелері.

20.33 Gata Band тобының қатысушысы Гарикин Аракелян.

19.30 "Арғымақ" тобы өнер көрсетті.

19.20 "Керемет фестиваль, көңіл-күй де тамаша! Мен бұл фестивальдан ләззат аламын, күн де шықты, күн жылынды, музыка жылытады", - деді алматылық Алина Семенюк.

18.20 Aldaspan тобы тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.

18.05 Жаңбыр көңіл көтеруге кедергі бола алмайды!

17.50. Алматыда VI Халықаралық The Spirit of Tengri фестивалінің екінші күні басталды.

Концертті Aldaspan тобы ашып берді.

Фестивальдің бірінші күні, 2 маусымда Республика Сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда өнер көрсеткендер: өзбекстандық Аbbos тобы, нигерлік EZZA ұжымы, бурятиялық Shono тобы, мозамбиктік бас-гитарашы Чилдо Томас, израильдік Q2A, сонымен қатар, қазақстандық диджейлер - DJ Arsen Superfly және DJ Ras Ed.

Алматылықтар The Spirit of Tengri жобасын бір жылдан кейін қуана қарсы алды.

Фестивальдің ашылуы.

Өзбекстандық Аbbos тобы тамаша номерді тарту етті.

Абай алаңы тыңдарманға лық толды.




The Spirit of Tengri бірінші күнінде

VI Халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі 2 және 3 маусымда Алматыдағы Респубика Сарайының алдында орналасқан Абай алаңында өтеді. Концерттердің басталуы - 17:00. Кіру тегін. Қонақтарды сапалы, дәстүрлі, жанды дауыстағы әуендер, ғарыштан көрінетіндей жарық түсірілетін әдемі, күшті, жанды шоу күтіп тұр.

Егер сіз бүгін Алматыдан алыста және Республика Сарайының алдында өтетін open-air шарасына келе алмайтын болсаңыз, сізді көпарналы дыбыспен сапалы онлайн-трансляция күтеді, оны Tengrinews.kz сайтынан және The Spirit of Tengri жобасының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан тамашалауға болады.

The Spirit of Tengri фестивалі шеңберінде 2018 жылы 2 және 3 маусымда автобустардың жұмыс уақыты ұзартылады - 29, 48, 120, 121, 141 сағат 23:30-ға дейін жүреді.

The Spirit of Tengri - қазақ жерінде әлемнің этникалық дәстүрін көрсетуге бағытталған мултимәдени жоба. 2012 жылы ұлттық Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Бес жылда 100 мыңнан аса қонақ пен көрермен қамтылды. Оның сахнасында 30 елдің музыканттары өз өнерін көрсетті. Оның арасында түркиялық BaBa Zula тобы, қытай-моңғолиялық Hanggai ұжымы, мадиярлардың Tilla Török Band&Holdviola тобы, эстониялық TRAD.ATTACK! этнобэнді, грузиндік The Shin триосы, Башқұртстанның "Аргымак" тобы, бурят-фин-норвегиялық Nordic Namgar тобы, тывалық Радик Тюлюш "Чалама" жобасымен сахнаға шықты. Қазақстанның атынан "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд, Roksonaki топтары мен фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов та бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети