Тимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

22 Наурыз, 14:29
0

Тимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Сүлейменов Тимур Мұратұлы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының Өкімінде. 2019 жылдың наурыз айында ол Ұлттық банкте қызметке тағайындалған

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы “Болашақ” бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

Ал 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі). 2016 жылы 28 желтоқсанда ол ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 2019 жылы ақпанда Үкімет тараған уақытта Сүлейменов осы қызметінен босатылды, оның орнына Руслан Дәленов келді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай