Қазақстан Ұлттық Банкінің жаңа басшысы Тимур Сүлейменов болды. Сенат депутаттары 4 қыркүйекте Палата отырысында жаңа төрағаны тағайындауға келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің жаңа басшысы Тимур Сүлейменов болды. Сенат депутаттары 4 қыркүйекте Палата отырысында жаңа төрағаны тағайындауға келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын Мемлекет Басшысының ұсынысы негізінде Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов сенаторларға ұсынды.
"Тимур Мұратұлы төрт жылдан астам Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, әлеуметтік-экономикалық даму блогын басқарды, осы саладағы реформаларды іске асыруға белсенді қатысты. Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігін басқарған. Оның жеке қасиеттері мен біліктілігі Ұлттық банктің қызметін жетілдіре алады. Сүлейменов Тимур Мұратұлының Ұлттық банк басшысы лауазымына кандидатурасын қолдауды сұраймыз", - деді Бектенов.
Ашық дауыс беруде депутаттар Сүлейменовтің кандидатурасын қолдады.
"Тимур Сүлейменов - білікті маман. Оның кандидатурасы Сенаттың Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланды", - деп атап өтті комитет төрағасы Сұлтанбек Мақежанов.
Бұған дейін Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов қызметінен босатылғаны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!