04 қыркүйек 2023 10:24

Ұлттық банк басшысы қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет gov.kz Сурет gov.kz

Ұлттық банк басшысы қызметтен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық банк басшысы қызметтен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ғалымжан Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылды.", - Деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Ғалымжан Пірматов Республика Ұлттық Банкінің басшысы қызметін 2022 жылдың ақпанынан бастап атқарды.

Ғалымжан Пірматов 1972 жылы 24 сәуірде Шымкент облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. Үйленген, балалары бар. Новосібір мемлекеттік университетін, Қазақстан экономика және болжау менеджменті институтын және Atkinson Graduate School of Management, Willamette University (MBA бағдарламасы бойынша) бітірген.

Ұлттық банктің экс-басшысы "Алтын-Тас" БК, "AES КиевОблЭнерго", "AES Украина", "Халық Банкі" АҚ-да жұмыс істеген. Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды. 2009 жылдан 2011 жылға дейін "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарып, 2017 жылы тамызда "Қазатомөнеркәсіпті" басқарды. 2021 жылдың қыркүйегінде Пірматов "Қазатомөнеркәсіптің" Басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети