ТМД кеңесі 27 жыл бұрын қаза болған қазақстандықты марапаттады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТМД кеңесі 27 жыл бұрын қаза болған қазақстандықты марапаттады Раджан Батрканов

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі 27 жыл бұрын қаза тапқан батыр-шекарашы Раджан Батркановтың (Батырханов) анасын марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі 27 жыл бұрын қаза тапқан батыр-шекарашы Раджан Батркановтың (Батырханов) анасын марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 2 қарашада Семей қаласының гарнизондық офицерлер үйінде батыр-шекарашы Раджан Батркановтың анасына салтанатты түрде "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекараларын нығайтқаны үшін" медалі табысталды.

Батыр-шекарашыны медальмен марапаттау туралы шешімді ТМД мемлекеттерінің (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина) 11 шекара ведомствосының Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесі қабылдаған.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі - ТМД мемлекеттерінің басшылары 1992 жылғы 6 шілдеде сыртқы шекараларды күзету мен олардағы тұрақты жағдайды қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін құрған халықаралық ұйым.

Айта кетейік, Батрканов Раджан Армиевич (1975-1994) интернационалист-жауынгер, батыр-шекарашы. Жеке қазақстандық құрама батальонының Күршім взводының құрамында қызмет атқарған. 1994 жылғы 28 қыркүйекте тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан. Қиян-кескі айқасты бірінші қабылдап, өз әскери қызметтестерін құтқарып, ұрыста жеңіске жетуге жол ашты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети