13 қараша 2014 | 13:08

ТМРА экс-басшысының ісі бойынша куәгерлерге дөңайбат көрсетілген - адвокат

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) экс-басшысының ісі бойынша куәгерлерге қинау әдістері қолданылып, дөңайбат көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пара алды деп айыпталған ТМРА экс-төрағасы Мұрат Оспановқа қатысты іс бойынша сот тыңдауы жалғасып жатыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) экс-басшысының ісі бойынша куәгерлерге қинау әдістері қолданылып, дөңайбат көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пара алды деп айыпталған ТМРА экс-төрағасы Мұрат Оспановқа қатысты іс бойынша сот тыңдауы жалғасып жатыр. 

Сотталушының адвокаттары бүгін куәгерлердің бірі - Берік Ергешевтің жауаптарын қылмыстық іс материалдарынан алып тастауға өтініш білдірді. Тергеудің мәліметінше, ТМРА экс-басшысына ақша сол арқылы берілген. Бұған дейін ол сотта куәлік етті. 

"Анық түрде анықталды әрі сот та Ергешевке қинау әдістері қолданылғанын анықтады. Атап айтқанда, Ергешев сотта өз пәтеріне түнгі мезгілде, санкциясыз тінту жүргізілгенін көрсетті. Пәтерді тінтуге, тергеумен ынтымақтасуға және қауіпсіздік шарасын қолдануға ол өзіне қысым көрсетілгеннен кейін келісім берген. Ергешевтің жауаптарына қарағанда, олар "Лазурный квартал" тұрғын үй кешенінде болғанда қаржы полициясы қызметкерлері, автомат ұстаған кейбір қызметкерлер оның қолын қайырған. Жерге құлатып, құрметті сот, дәйексөз келтірейін: "10 жылға түрмеге жабамыз, пәтеріңнен айырыласың, әкең жалған кәсіпкерлік бойынша айыпталған кезде бизнесінен айырылады" деп айтқан. Полиция қызметкерлерінің бірі оған, дәйексөз келтірейін: "мемлекеттік қызметте істейтін туыстарыңды "сілки" аламын, әйелің мен балаларыңды ойла" деген", - деді сотталушының адвокаты Хамида Айтқалиева.

Оның айтуынша, куәгердің берген жауабы іс бойынша айыпталушы Оспановтың ғана емес, істің басқа да фигуранттарының конституциялық құқығының өрескел бұзылғанын көрсетіп отыр. "Алдын ала тергеу барысында арыз берілді. Бірақ тергеушілер мен прокуратура куәгерлер құқығының бұзылғаны туралы деректі қарамады, бұл деректер бойынша шаралар қабылданбады. Заңға қайшы түрде алынған дәлелдер заңсыз деп танылды, олар айыптауға негіз бола алмауы керек. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасы талаптарын бұза отырып алынған мәліметтердің сот отырыстарында зерттеу нысанасы бола алмайтыны және қылмыстық іс материалдарынан алып тасталуы керек екені жазылған", - деді Айтқалиева.

Істі қараушы судья Ербол Рахымбеков шешім шығару мақсатында өтінішті қабылдады. 

Еске сала кетейік, Оспановтың ісі бойынша сот отырысы 11 қарашада басталған еді. Сот ашық жағдайда өтіп жатыр. Сотталушылар орнында аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған Мұрат Оспанов пен пара берді деп айыпталған Арман Ақтай отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети