Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев 50 шақты адамға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын берді 21 мамыр 2022, 09:46

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін мына адамдар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болды: 

  1. Абаханов Есқайыр Жәрдемұлы – "Дос-Мұқасан" ансамблінің әншісі, Алматы қаласы
  2. Айтқожанова Райхан – "Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ профессоры, Алматы қаласы
  3. Әбілмәжінова Бейбітгүл Мағжанқызы – "С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана" КММ директоры, Солтүстік Қазақстан облысы
  4. Әділов Қайратбек Нұрышұлы – "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМҚК Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының артисі, Алматы қаласы
  5. Әлімбеков Жүніс Нұрғазыұлы – "А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры" КМҚК артисі
  6. Байбосынов Нұржан Тілеубекұлы – "Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры" РМҚК симфониялық оркестрінің дирижері, Алматы қаласы
  7. Бақтыгереев Бейбіт Салауатұлы – "Ақмола облыстық орыс драма театры" МКҚК директоры
  8. Балағұмаров Дастан Қайроллаұлы – "Қазақ ұлттық өнер университеті" РММ аға оқытушысы, Нұр-Сұлтан қаласы
  9. Бапанов Әлібай Қалтайұлы – "Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ профессоры, Алматы қаласы
  10. Боқыбаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы – "Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры" РМҚК директоры, Алматы қаласы
  11. Борецкий Олег Михайлович – "Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті" КеАҚ доценті, Алматы қаласы
  12. Варисов Нуралим Мамутович – "Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр  музыкалық комедия театры" РМҚК "Нава" халық фольклорлық ансамблінің әншісі, Алматы қаласы
  13. Галсанов Александр Валерьевич – "Ертіс концерт" КМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері, Шығыс Қазақстан облысы
  14. Ганн Лидия Давыдовна – "Республикалық неміс драма театры" РМҚК бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы
  15. Ғаббасова Гүлмира Надымқызы – "Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ доценті, Алматы қаласы
  16. Дараев Махмут Марипович – "Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр  музыкалық комедия театры" РМҚК артисі, Алматы қаласы
  17. Ермекбаев Әли Ақбергенұлы – "Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы" МКҚК камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі
  18. Жармұхамбетова Мәдина Қайырбекқызы – "И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" МҚКК камералық хорының хормейстері
  19. Исенов Тасмұхан Жақсығалиұлы – "А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп- интернаты" РММ бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы
  20. Кәрімов Негметолла Харрасұлы – "Қазақ ұлттық өнер университеті" РММ профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы
  21. Көбжанова Светлана Жұмасұлтанқызы – "Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" РМҚК директорының орынбасары, Алматы қаласы
  22. Қапалбеков Нағашыбек – "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" РМҚК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы
  23. Қойлышов Серікқұл Құрманқұлұлы – "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМҚК Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің артисі, Алматы қаласы
  24. Махан Құрманбай Жарқынбайұлы – "Р.Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК бөлім басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы
  25. Мұқанов Асқар Төлеуғалиұлы – "Р.Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің артисі, Нұр-Сұлтан қаласы
  26. Мұқажанова Күлжазира Жұмаділқызы – "Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" РМҚК бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы
  27. Мырзахан Әлімхан Мырзаханұлы – "І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры" КМҚК басшысы
  28. Нұрхалық Серік Сақбайұлы – "Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры" МКҚК артисі
  29. Өтебаева Майса Омарбекқызы – "Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" РМҚК оқытушысы, Алматы қаласы
  30. Өтуленова Мапруза Қадешқызы – "Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония" КМҚК әншісі, Шығыс Қазақстан облысы
  31. Передеро Татьяна Владимировна – "Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі" КМҚК Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрінің концертмейстері
  32. Сабырғалиева Санжан Төлеуқызы – "Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі" РМҚК артисі, Алматы қаласы
  33. Сон Лаврентий Дядюнович – "Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қоюшы-режиссері, Алматы қаласы
  34. Сраилов Бахыт Бекмырзаұлы – "Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры" МКҚК директоры, Түркістан облысы
  35. Сыздықов Дүйсенхан Ереханұлы – "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМҚК бөлім басшысы, Алматы қаласы
  36. Сырлыбаев Серік Омарұлы – "Қазақ ұлттық өнер университеті" РММ профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы
  37. Тазабеков Орынбасар Қалықбайұлы – "DOS Film Production" ЖШС директоры, Алматы қаласы
  38. Танабаева Сара Есқайырқызы – еңбек ардагері, Батыс Қазақстан облысы
  39. Тастанбеков Ержан Отанұлы – композитор, Алматы қаласы
  40. Текеев Сатыбалды Көшкімбайұлы – "Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ кинорежиссері, Алматы қаласы
  41. Темербаева Ғалия Амерқамзақызы – "Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры" МКҚК артисі
  42. Түктібаев Сейітқасым Шерімұлы – "К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" МКҚК директоры
  43. Уважанов Қанат Стальұлы – "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМҚК Қазақстан Республикасының мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің бас әкімшісі, Алматы қаласы
  44. Үмбеталиева Долорес Александровна – "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ балет труппасының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы
  45. Хлащева Ольга Дмитриевна – "Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы
  46. Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы – "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы" РМҚК директоры, Шығыс Қазақстан облысы Шекеров Бекболат Базарбайұлы – "Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бас редакторы, Алматы қаласы
  47. Шоманұлы Әбілқасым – киноактер, Алматы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram