Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында жұмыс сапары аясында бірнеше ЖШС-ға барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында жұмыс сапары аясында бірнеше ЖШС-ға барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы өндіріс ғимаратын аралап көріп, облыстың ет өңдеу зауыты өндірген өнімдермен танысты.
"Бижан" ЖШС - өңірдегі ет өнімін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Зауытта шұжықтың 15 түрі, ет консервілері мен жартылай фабрикаттар және тағы да басқа өнім түрлері өндіріледі. Кәсіпорын 115-тен астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Нысанды аралау барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Президентке өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту жайында мәлімет берді.
Мемлекет басшысы полипропилен бұйымдарын жасайтын кәсіпорындағы өнім шығару жұмысының технологиялық процесімен танысты.
Өндірілетін өнім әлемдік стандарттарға сай келеді және Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Зауытта 940-тан астам адам жұмыс істейді.
Компанияның бас директоры Рүстем Османов Президентке кәсіпорын қызметкерлеріне арналған 600 орындық жатақхананың құрылысы туралы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынатын балабақша жайында баяндады.