27 шілде 2021 15:52

Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Ақмола облысының ауыл әкімдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Ақмола облысының ауыл әкімдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін айтты.

"Шын мәнінде, ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес. Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды.  

Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев олардың халық сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенім білдірді.

Жиын соңында жаңадан сайланған әкімдер Мемлекет басшысына өз бастамасын жүзеге асырғаны және еліміз бен ауылдарының игілігі жолында еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети