02 қыркүйек 2022 11:02

Тоқаев АҚШ Конгресі делегациясын қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Конгрессмендер Джеймс Панетта және Томас Суоццимен кездесуде қазақ-америка қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. АҚШ Конгресіндегі Қазақстанның достары тобының қызметі аясында парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы АҚШ конгрессмендерінің сапары парламенттік дипломатияны ілгерілету тұрғысынан маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді.

Президент конгрессмендерге елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыты туралы айтып берді.

Өз кезегінде конгрессмендер Мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс айтып, Президенттің ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы бастамаларын жоғары бағалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети