Тоқаев Алаш Орда жетекшілерінің ескерткіші ашылатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Алаш Орда жетекшілерінің ескерткіші ашылатынын айтты Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш арыстарына ескерткіш орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш арыстарына ескерткіш орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев ұлт мүддесіне қызмет еткен көрнекті қайраткерлерге ескерткіш қою - тарихи тұлғаларымызға шынайы құрмет көрсету деген пікір білдірді.

"Осыған байланысты Президент жақын күндері Алаштың үш арысы – Әлихан Бөкейханға, Ахмет Байтұрсынұлына, Міржақып Дулатұлына, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевқа және басқа да көрнекті тұлғаларға арналған ескерткіштер ашылатынын айтты", - делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын келе жатқан Елорда күнімен құттықтады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Алаш Орда жетекшілеріне ескерткіш орнатылатыны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети