19 қазан 2022 12:12

Тоқаев Алматы мен Қонаев арасында қатынайтын электр пойызына қатысты маңызды тапсырма берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен Қонаев арасында қатынайтын электр пойызына қатысты маңызды тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен Қонаев арасында қатынайтын электр пойызына қатысты маңызды тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру қажеттігін айтты.

"Басты міндеттердің бірі - облыстың көлік-логистикалық әлеуетін арттыру. Үкімет әкімдікпен бірлесе отырып, көлік желісін жақсарту бойынша кешенді шаралар дайындауы керек. Жолаушылар мен жүк тасымалының мүмкіндігін кеңейту үшін жағдай жасау қажет. Атап айтқанда, Алматы мен Қонаев арасындағы жол желісімен қатар теміржолды дамыту қажет", - деді Тоқаев.

Президент бұған дейін екі қала арасында арнайы электр пойызы жүріп өткенін еске салды.

"Бұл байланысты қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұл шаралар Алматы маңындағы көлік кептелісін азайтуға көмектеседі.

Алматы облысы Алматыға жақын және Қытаймен шекаралас орналасқан. Бұл жерде өңіраралық көлік дәлізін дамыту өте маңызды. Негізгі магистральдар жолаушылар мен жүк тасымалының санын арттырады. Сонымен қатар, бұл бір өңірдің ғана емес, жалпы еліміздің дамуына әсерін тигізеді", - деп қосты Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети