ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қыркүйек 2021 | 11:15
Тоқаев Алматыдағы атыс туралы: Қайғылы оқиғаны жан-жақты қарастыру керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда болған атысқа қатысты пікір білдірді. Оқиға кезінде бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда болған атысқа қатысты пікір білдірді. Оқиға кезінде бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамын. Полиция қызметкері мен сот орындаушысы қызметтік міндетін орындады және өкінішке қарай оларға жасалған шабуылда қаза болды. Адамдарды өлтіруді себебі қандай болмасын ақтауға болмайды. Өркениетті қоғамда кез келген дау мен проблема тек құқықтық салада шешілуі керек. Сонымен қатар, болған трагедияны егжей-тегжейлі түсіну керек, бұл - трагедия", - деді Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте.
Президенттің айтуынша, кредит берушілер мен проблемалы қарыз алушылар арасындағы қарым-қатынас саласы, әсіресе тұрғын үй бөлігінде өте сезімтал және заңды жетілдіруді талап етеді.
"Бұл банктердің кепілдік саясатына, бағалау қызметін реттеуге, жеке сот орындаушыларының жұмысына және басқа да аспектілерге қатысты. Осы мәселелерде ашық және біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету аса маңызды.
Үкімет, Ұлттық банк пен қаржылық реттеу жөніндегі агенттік, егер қажет болса, бір ай мерзімде заңнамалық және нормативтік түзетулер топтамасын әзірлеуі керек. Бірақ менің ойымша, мұндай қажеттілік бар. Алайда мамандар бұл мәселені тағы да мұқият зерделеуі тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол Үкімет пен Алматы әкімдігіне Алматыдағы қайғылы жағдайдан зардап шеккеннің бәріне, бірінші кезекте балаларға қолдау көрсетуді тапсырды.
"Балалар қоғамымыздың әділдігіне деген сеніммен өсуі маңызды. Түзетулер, егер олар дайын болса, Үкімет, мамандар мұқият зерделеп, жұртшылықпен келісіліп, келесі жылдың басынан бастап күшіне енуі керек", - деді Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.
Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
Алматыдағы атыс: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Кейін полицейлер бес адамды атып өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кейін үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындағаны белгілі болды. Үй банкке кепілге алынған. Кейін үй банк меншігіне өтіп, одан кейін жеке адамға сатылған. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также