Тоқаев Астана халықаралық форумында сөз сөйледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Астана халықаралық форумында сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана халықаралық форумына қош келдіңіздер! Мұнда барлық құрлықтан достарымыз бен әріптестеріміз, сондай-ақ үкіметтердің, дипломатия, бизнес және ғылыми топтардың өкілдері жиналып отыр. Аса қадірлі қонақтарымыз – Қатар Әміріне, Қырғызстан Президентіне, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына, Өзбекстан Премьер-министріне және форумның басқа да құрметті қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздердің осы жиынға арнайы келуге шешім қабылдап, форум жұмысына қатысқандарыңыз – біз үшін үлкен мәртебе. Жиын барысында жаһандық экономикалық және аймақтық ынтымақтастық мәселелерінің қазіргі жай-күйі жөнінде табысты пікір алмасамыз деп сенеміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумы – бұл диалог алаңы екенін айтты.

"Оның негізгі миссиясы мынадай: Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау; Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау; Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру; Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру; Бесінші, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту.

Бұл форум өзара белсенді ынтымақтастыққа тікелей ықпал етеді. Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынастар өте қажет. Сын-қатерлерге төтеп беру маңызды. Осы ретте жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.11   568.8   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +29
Ақтау +27
Ақтөбе +26
Атырау +28
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +27
П
Павлодар +26
Петропавл +30
С
Семей +29
Т
Талдықорған +32
Тараз +34
Түркістан +26
О
Орал +28
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер