26 шілде 2021 18:03

Тоқаев Астрахан қазақтарына қолдау көрсетіп жатқан ресейлік губернаторға алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Ресейдің Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Ресейдің Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын және екі ел өңірлерінің ықпалдастығы кеңейе түскенін атап өтті. 

"Бүгінде Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қазақстанның өзге де облыстары Астрахан облысымен көптеген бағыт бойынша өзара тиімді кооперацияны жүзеге асырып жатыр. Экономикалық белсенділіктің жаңғыруына орай шекара маңындағы сауда қарқыны біртіндеп қайта қалпына келіп жатқаны байқалады.

Қазақстан мен Астрахан облысының арасын негізгі байланыстырушы ретінде Ресей бойынша ең көп тұратын сол жердегі қазақ диаспорасы маңызды роль атқарып отыр", - делінген хабарламада. 

Президент Астрахан қазақтарының тарихи отанымен рухани байланыстарын нығайтуына, ата-бабаларының тілі мен мәдениетін сақтауына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаны үшін Игорь Бабушкинге ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы қазақ халқының Бөкей хан, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова және басқа да ұлы перзенттерінің есімін Астрахан жерінде ұлықтап келе жатқаны үшін аймақ әкімшілігі мен тұрғындарына алғыс айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети