22 сәуір 2021 14:11

Тоқаев Атырау облысының экологиясы бойынша тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңесте облыстың экологиясы туралы айтып, шенеуніктерге өңірдегі қоршаған орта жағдайын жақсартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңесте облыстың экологиясы туралы айтып, шенеуніктерге өңірдегі қоршаған орта жағдайын жақсартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президентің сөзінше, өңірдің табысты дамуы үшін аймақты энергиямен тұрақты түрде қамтамасыз ету керек. Дегенмен бұл бағытта да әлі пысықтайтын жұмыстар бар. Сондықтан Үкімет бұл тарапта кешенді шаралар қабылдауы қажет.

Өзекті дүниенің бірі -  өңірді сумен қамтамасыз ету. Жайық өзені қатты тартылып, оның экологиялық ахуалы күннен күнге нашарлап барады. Бұл мәселе онсыз да ауыз суға мұқтаж болып отырған жергілікті тұрғындарды толғандырып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер де үлкен қиындықтарға тап болды. 

"Біз Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау жөнінде 2024 жылға дейінгі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы туралы бағдарлама қабылдадық. Үкімет осы бағдарламада көзделген іс-шараларды уақтылы қаржыландыруы керек. Сонымен бірге Ресей жағымен бірлесіп, жедел шаралар қабылдауы қажет", - деді Мемлекет басшысы. 

Өңір халқының бір бөлігі мен мұнай өндіретін компаниялар "Астрахань-Маңғышлақ" су құбырынан ауызсу алып отыр. Бүгінде бұл су құбырының тозығы жеткен. Президент Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорына "Астрахань-Маңғышлақ" су құбырын қайта жаңғыртуға қатысты тапсырма берді. Әлі күнге дейін ауылдарды таза ауызсумен қамту толық аяқталмаған. Облыс бойынша 30 ауылға ауызсу жетпеген. Президент Үкімет пен әкімдікке бұл мәселені алдағы екі жылда толық аяқтауды міндеттеді.

Азаматтардың өмір сүру сапасы мен денсаулығы экологиялық ахуалға тікелей байланысты екені белгілі. Бұл тарапта Атырау облысы мақтанарлық жағдайда емес. Былтырдың өзінде өңірде ауаны ластаған 160 жағдай тіркеліпті.

"Біз озық халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа Экологиялық кодекс қабылдадық. Экологиялық тиімділікті арттыратын бағдарламаларды қолға алған кәсіпорындар қалдық шығарғаны үшін төленетін ақыдан босатылады. Бұл саладағы қолжетімді технологияның ең таңдаулысы мұнай-газ кәсіпорындарына енгізілуі керек. Үкімет өңірдегі қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, бұл мәселені мұқият бақылауға алсын", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети