11 мамыр 2021 15:21

Тоқаев Ауғанстан президентіне көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда мұрағатынан © Ақорда мұрағатынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Логар провинциясының Пули-Алам қаласында және ел астанасы Кабулда болған террористік шабуылдардың салдарынан көптеген адамның, әсіресе, бейкүнә балалардың қаза тапқаны туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабыл алды.

"Сіздің еліңіздің және бүкіл халықаралық қауымдастықтың осы жантүршігерлік қылмысты батыл айыптауына қосыламын. Қазақстан осындай қиын-қыстау сәтте ауған халқымен бірге екенін растайды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Сондай-ақ жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети