23 мамыр 2024 | 16:33

Тоқаев Азиядағы мұнай химиясы өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорынның өкілін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Indorama корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Амит Лохианы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Мемлекет басшысы Indorama корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Амит Лохианы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында мұнай химиясы өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын – Indoramа корпорациясы басшыларының бірі Амит Лохиамен кездесті. Сингапурда орналасқан Азиядағы жетекші химия өнеркәсібі холдингінің 32 елде 136-дан астам өндіріс алаңы бар. Сондай-ақ әлемдегі ең ірі компаниялардың – Forbes Global 2000 тізіміне кіреді.

Президентке берілген мәлімет бойынша аталған компания Жамбыл облысындағы фосфор кен орны базасында толық циклді фосфор тыңайтқышы өндірісін ашу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.

Былтыр маусым айында Indorama корпорациясы елімізде химия өнеркәсібін дамыту мақсатында АХҚО юрисдикциясында жаңа кен орындарын игеретін Indorama Kazakhstan Mining еншілес ұйымын тіркеді.

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп секторында минералды тыңайтқыштарды қолдану маңызды екенін атап өтіп, Indorama корпорациясын еліміздің аумағында химия өндірісін ашу үшін инвестиция салу перспективасын жан-жақты зерделеуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети