25 ақпан 2021 12:19

Тоқаев балама энергияны дамыту туралы жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке балама энергияны дамыту туралы жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке балама энергияны дамыту туралы жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев экономиканы әртараптандыру және оның энергия сыйымдығын төмендету шараларымен қатар, жасыл технологияларға дәйекті түрде көшу маңызын айтты.

"Балама энергетикаға қолайлы жағдай туғызбасақ, біз әлемдік прогрестен артта қалуымыз мүмкін. Бұл мәселеде тартынуға болмайды.

Мен балама энергетиканы дамытуға ерекше мән беремін. Бұл Қазақстанның болашағын айқындайтын аса маңызды сала. Біздің елімізде 2009 жылғы шілдеде қабылданған энергия көздері - су, жел, күнді қолдау туралы заң бар. Алайда ол барлық балама энергия көзін, соның ішінде сутегі, өнеркәсіптік газ, газ өлшегіш, көмір қабаты, көмір қабатының газ өлшегіші, биоотын, қатты тұрмыстық қалдықты өндіруді және пайдалануды қарастырмайды", - деді Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік саясат шаралары мұндай маңызды салада нақтыланбаған.

"Балама энергетиканы дамыту мәселелері бойынша жаңа заң әзірлеу қажет. Онда жаңартылатын энергия көздерін ғана емес, барлық балама энергия көзін реттеу тәсілдері мен нормаларын да көрсету керек", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) жұмысының ашық болуын тапсырды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтіп жатыр. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.02   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети