02 маусым 2022 18:58

Тоқаев бас прокурорды қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: akorda.kz Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысына елімізде заңдылықтың сақталу жағдайы және қадағалау қызметінің маңызды бағыттарына қатысты жұмыстардың негізгі қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Берік Асыловтың айтуынша, жыл басынан бері прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 7 мыңнан аса заңбұзушылық жойылған. Оның көбі мемлекеттік сатып алулар, денсаулық сақтау, экология және балалардың құқықтарын қорғау салаларында анықталған. 10 мыңнан аса мемлекеттік қызметші мен квазимемлекеттік сектордың қызметкері әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған. Прокуратураның араласуынан кейін мемлекетке 8,4 миллиард теңге қайтарылған, 177 мыңнан аса еңбек құқығы қалпына келтірілген, сондай-ақ, 1 миллиард теңгеден аса жалақы қарызы өтелген.

Президентке криминоген жағдайлар мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін қылмыстық-құқықтық салада қабылданып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берілді. Прокурорлар заңсыз ұсталған 596 азаматты босатқан. 542 азаматқа қатысты шешімді қайта қарау ұсынылған, соның ішінде сотталған 90 адамның жағдайы жақсартылып, 9 адам ақталған.  

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыстық процестің жаңа үш буынды моделінің енгізілу барысы жөнінде арнайы баяндалды. Биыл прокурорлар 152 мың процессуалдық шешімді қайта електен өткізген. Соның ішінде 11,5 мыңнан аса қаулы заңсыз деп танылған. 1 мыңға жуық азаматтың қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол берілмеген. 

Берік Асылов Мемлекет басшысына бизнесті қорғау, әсіресе заңсыз қылмыстық қудалауға жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде жан-жақты баяндады. Президенттің тапсырмасы бойынша прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты қозғалған барлық қылмыстық істің заңдылығын тексеріп жатыр. Жүргізілген тексерістер нәтижесінде өндірістегі 378 істің 36-сы тоқтатылды. Бизнеске кедергі жасау, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган өкілдері тарапынан қызметін асыра пайдалану деректері бойынша 12 соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Материалдарды тексеру әлі де жалғасып жатыр.

Кәсіпкерлердің қылмыстық процеске негізсіз тартылуын болдырмау мақсатында ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар кешені әзірленіп жатыр.

Мемлекет басшысына қаңтар оқиғасына байланысты тергеу амалдарының барысы туралы арнайы баяндалды. Бүгінде 489 азаматқа қатысты іс сотқа жолданған. 331 адам ұрлық, тонаушылық, қару сақтау және ұрлау деректері бойынша сотталған. Тек 23 адамға қатысты бас бостандығынан айыру туралы нақты шешім шыққан, қалғандарына жеңіл жаза тағайындалған. Рұқсат етілмеген тергеу амалдары мен жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болғандарға қатысты істер ерекше бақылауға алынған.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының себебін жан-жақты тексеріп, оған кінәлілерді объективті түрде анықтау, сондай-ақ, тергеу қорытындысы жөнінде жұртшылыққа тұрақты ақпарат беру қажет екенін атап өтті. Бұдан бөлек, Президент еліміздің әлеуметтік және экономикалық өмірінің барлық саласында заңдылықты қамтамасыз етудің аса маңызды екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети