Тоқаев букмекерлер туралы заңға қол қойды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Заңмен "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске, "Жарнама туралы", "Ойын бизнесі туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңдарға түзетулер енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы денсаулық сақтау саласындағы жекелеген мәселелерді шешуге бағытталған.

Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер кезінде амбулаториялық жағдайда берілетін мамандандырылған медициналық көмек аясындағы зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен алынып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің тегін көлеміне енгізілген.

Бірқатар түзетулер мүгедектігі жоқ науқастарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуді көздейді.

Екінші блокта букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жарнамалауға тыйым салынған.

Сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау рұқсат етілген бұқаралық ақпарат құралдарының шеңбері тарылды, олар енді тек спорттық бағытта болуы керек.

"Ойын бизнесі туралы" Заңда бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бойынша сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer