Тоқаев дала империяларын “мемлекет деңгейіне жете алмаған“ деп көрсету әрекеттері туралы айтты

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев дала империяларын “мемлекет деңгейіне жете алмаған“ деп көрсету әрекеттері туралы айтты Фото: Ақорда

Астанада "Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік" атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "тарихты жеңімпаздар жазады" деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпау керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Астанада "Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік" атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "тарихты жеңімпаздар жазады" деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпау керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бұл орайда тарихқа әділ әрі саяси тұрғыдан бейтарап баға беру маңызды. "Тарихты жеңімпаздар жазады" деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн. Яғни жеңімпаздарды жазғыруға болмайды, әлем тарихының төрінен орын алып, зерттеушілердің мақтау-мадағына ие болады. Ал шағын және орта мемлекеттер, соның ішінде майданда жеңіліс тапқан елдер тарихтың тасасында қалады.

Қазақстанда саясаттың пайдасы үшін көшпелі халықтарды жабайы, бей-берекет, тарих шеңберінен тыс күш ретінде көрсетіп, қуатты дала империяларын "мемлекет деңгейіне жете алмаған" деп төмендететін ескі догмалар мен қасаң көзқарастарды қайта қарау үдерісі басталып кетті. Бұл ретте біз шынайы тарихнаманы қалпына келтіре отырып, өткенді әсірелеуден аулақпыз", - деді Тоқаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы тарих өзіне тәнті болған жалған әрекеттерді, ортақ мұраны жекелеген халықтың қанжығасына байлап беруді кешірмейтінін атап өтті.

"Кереғарлықтар мен кедергілерге толы бай тарихымызды біржақты түсіндіруге қойылатын талап ғылымның құлдырауына және өзара сенімнің жоғалуына әкелетін тұйыққа тірейді. Сонымен қатар кәсіби тарихшылар қауымдастығында "жұмсақ күш" пен ғылыми дипломатияның өкілдері де бар. Олар саясаткерлер қамал тұрғызатын жерде көпір салуға қабілетті. Тарихшылардың миссиясы қазіргі алмағайып кезеңде маңызды болып тұр", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.09   548.38   6.61 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер