09 ақпан 2020 10:16

Тоқаев дүңген баласының видеосына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүңген баласының жолдаған видеосына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүңген баласының жолдаған видеосына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім - елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету", - деп жазды Қазақстан Президенті Twitter желісінде.

Бала видеосында өлең оқиды:

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомартқа үндеу айтамын: бізге көмектесіңіз!

Ватсапта жаман жаңалықтар таралып жатыр, ертең абай болыңдар дейді!

Бауыры бауырына шабуылдайды дейді. Мен болсам өтірік деймін!

Мен ұлы елде тұрып жатырмын ғой,

Бұл елді көпір деп атайды,

Мұнда бәрі татуласады!

Бізге көмектесіңіз, басқа кімге айтамыз?

Қорқамыз: үйлер өртеніп, балалар жылап жатыр,

Кімнің кіммен не үшін соғысып жатқанын білмеймін.

Менің қалауым біздің үлкен елімізде

Бейбітшілік болғаны (...)", - деп өлең оқиды бала.

"Қымбатты Президент, бүгінімізге кепіл бар ма? Тату өмір сүре аламыз ба?", - дейді бала Тоқаевқа.

Бұған дейін Президент қайғылы жағдайға жол берген меморгандардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді. 

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети