20 мамыр 2022 13:02

Тоқаев экология министрі Брекешевке бірқатар тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президентке министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде есеп берілді.

Атап айтқанда, министр еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, жаңа Экологиялық кодекстің нормаларына сәйкес 83 ірі компанияға технологиялық аудит жүргізілген. Бұл олардың 2025 жылға дейін жаңа технологияға көшуге дайындығын бағалауға мүмкіндік берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы мен экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған өңірлік Жол карталарының жүзеге асырылу барысы таныстырылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына геологиялық саланың жағдайы мен Ұлттық геологиялық қызметті құру жұмыстары туралы баяндалды.

Бұдан бөлек, Президентке су шаруашылығы инфрақұрылымының ахуалы, вегетациялық кезеңді өткізу, жаңа Су кодексі, сондай-ақ орман шаруашылығы мен жануарлар әлемінің жай-күйі жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрлікке экологиялық мәселелерді шешу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсарту және геологиялық саланы дамыту жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети