Тоқаев ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасын қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымды аймақтық және жаһандық қауіпсіздік саласындағы күрделі кезеңде басқарып отырған Элина Валтоненнің қызметіне қолдау білдірді.

"Биыл біз Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өтеміз. Жарты ғасыр өтсе де бұл құжат егемендік, аумақтық тұтастық және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарын бекіте отырып, еуропалық қауіпсіздіктің негізі болып қала бермек. Қазақстан осы құндылықтарды берік ұстанады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазақ-фин байланыстарының жай-күйіне жоғары баға берді. Финляндияны Астананың Скандинавия аймағындағы бұрыннан келе жатқан серіктесі деп атап, қарым-қатынасты одан әрі жандандыруға әзір екенін мәлім етті.

Элина Валтонен ЕҚЫҰ Қазақстанмен және Орталық Азиямен байланысты дамытуға баса мән беретініне тоқталды.

"Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройын бекітуге үлкен күш-жігер жұмсап отырсыз. Соның арқасында еліңіз өзін аймақта және әлемде ықпалды орта держава ретінде танытты. Қазақстан ЕҚЫҰ секілді ұйымдардың жұмысына белсенді атсалысу арқылы жаһандық деңгейдегі беделін нығайта береді. Біз Сіздің қазіргідей күрделі кезеңдегі, әсіресе, экономика және экология салаларындағы қызметіңізді жоғары бағалаймыз. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалық кеңсесімен ынтымақтастық айтарлықтай табысты дамып келеді", – деді ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббқа сәлем жолдап, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту үшін тығыз ықпалдастыққа дайын екенін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer