17 шілде 2021 19:09

Тоқаев еліміздегі эпидахуал жөнінде кеңес өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz

19 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды.

Жиынға премьер-министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысатыны айтылады.

"Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимылдар жоспары қабылданбақ", - деп жазды Берік Уәли.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети