25 ақпан 2021 14:21

Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балалар туралы: Алты ай күтуге мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар саны артып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде оларды оңалту бойынша мамандандырылған ұйымдар жеткіліксіз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар саны артып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде оларды оңалту бойынша мамандандырылған ұйымдар жеткіліксіз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны артып жатыр. Сонымен қатар, мамандандырылған ұйымдар жұмысындағы нормалар ескірген. Тексеруден өту үшін балалар өз кезегін жарты жыл күтуге мәжбүр.

Одан кейін жан-жақты кешенді оңалту шаралары қажет. Ол үшін тиісті мекемелер жетіспейді. Сондықтан өңірлер ерекшелігін және заманауи стандарттарды ескере отырып, осы саладағы нормативтерді жаңарту қажет", - деп тапсырды Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Президент елімізде балалар скринингін жақсарту, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары жанындағы әлеуметтік қызметтер жұмысын күшейту керегін айтты.

"Уәкілетті органдар ерекше қажеттіліктері бар бала мен оның отбасы үшін бірыңғай жүйенің түсінікті алгоритмін жасауы қажет. Өңірлердегі мекемелерді ескере отырып, онда бала туған сәттен бастап мемлекет көрсететін барлық қызмет болуы қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Тоқаев тұрғын үй, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету өзекті мәселе екенін айтты.

"Белгілі бір прогреске қарамастан, бұл салада әлі де үлкен проблемалар бар. Құрылыс нормалары 2015 жылы халықаралық стандарттарға келтірілді. Бірақ әлі күнге дейін 2015 жылға дейін жобаланған және пайдалануға берілген нысандар қолжетімділігін бағалау критерийлері жоқ. Біз тіпті қолжетімділік шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгіздік, бірақ қолданыстағы стандарттар әлі де сақталмайды", - деді Президент.

Оның айтуынша, іс жүзінде мүмкіндігі шектеулі азаматтың кез-келген нысанға жетуі және онда жүруі туралы айтпағанда, өз үйінен шығуға мүмкіндігі бола бермейді.

"Бұл жағдайды түбегейлі өзгерту қажет. Мүмкіндігі шектеулі жандардың сұранысқа ие нысандарға кедергісіз баруын қамтамасыз ету үшін "есіктен есікке дейін" қағидаты бойынша пәрменді нормативтік құқықтық актілер қабылдау қажет", - деп түйіндеді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети