12 ақпан 2024 12:44

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің төрағасын қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: Ақорда фото: Ақорда

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Николай Подгузов банк жұмысының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берді:

  • Еуразиялық даму банкінің Қазақстан экономикасына салатын жыл сайынғы инвестициясы екі жыл қатарынан 1 миллиард доллардан асқанын айтты;
  • банктің 2022-2023 жылдардағы инвестициясының жылдық көлемінің жалпы сомасы 4,2 миллиард долларды құрағаны туралы баяндады. Бұл Стратегияда бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жоспардан шамамен 1,5 есе көп;

Қазақстандағы әлеуетті жобаларға бөлу үшін банктің 2024 жылға қарастырып отырған қаржы көлемі 3,5 миллиард доллардан асқан:

  • инвестицияны, ең алдымен, көлік инфрақұрылымы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп және су ресурстары сияқты стратегиялық маңызды салаларға салу жоспарланып отыр.
  • биыл банк Қазақстанның қаржы нарығын дамыту және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың жаңа құралдарын енгізу ісіне атсалысуға ниетті екенін жеткізді;

Орталық Азияның су-энергетика саласына жасалған зерттеу нәтижелерін таныстырды:

  • банк суды үнемдейтін және энергетикалық тұрғыдан тиімді технологиялар бойынша аймақтық сараптама орталықтарын дамыту үшін 10 миллион долларға дейін гранттық қаржы бөлуге дайын. Бұған қоса, суды есепке алудың цифрлық технологияларын, суармалы жерлерге толықтай лазерлік жоспарлау тәсілін енгізуге және заманауи ирригациялық құрал-жабдықтар өндіретін өңірлік өндірістік-сервистік кластер құруға бағытталған жобаларға 400 миллион долларға дейін қаржы бөлмек.

Мемлекет басшысы биыл жазда Алматы қаласында Еуразиялық даму банкінің жылдық қорытынды жиналысын және іскерлік форумын ұйымдастыру мәселесін құптайтынын жеткізді. Аталған форумның күн тәртібінде Орталық Азияның су-энергетика кешеніне, көлік жүйесі құрылымы мен қаржы құралдарын дамытуға қатысты мәселелер қамтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде банк қолдау білдірген инфрақұрылымдық жобалардың маңызды екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 452.97   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети