09 маусым 2022 12:34

Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аkorda.kz Аkorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында елімізде инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту, экономика және қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды. Сондай-ақ олар әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, оның нәтижелері шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан экономикасын дамытудың және елдің қаржы жүйесін нығайтудың перспективалары туралы көзқарасын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети