1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев еуропалық компаниялардың жетекшілерімен кездесті 26 қараша 2021, 17:46

Қасым-Жомарт Тоқаев еуропалық компаниялардың жетекшілерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

akorda.kz akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев еуропалық компаниялардың жетекшілерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Брюссельде еуропалық бизнес өкілдерімен, атап айтқанда, бельгиялық "Joh Cockerill" компаниясының басқарма төрағасы Жан-Люк Моранжбен және немістің "Svevind Group" компаниялар тобының президенті Вольфганг Кроппен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жан-Люк Моранжбен Қазақстандағы теміржол локомотивтері мен жаңартылатын қуат көздерін жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Вольфганг Кроппен кездесуде Маңғыстау облысында "жасыл" сутегі өндірісі саласындағы Hyrasia One инвестициялық жобасын жүзеге асыру мәселесі сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін қолға алынған инвестициялық жобалардың қарқынды жүзеге асырылып жатқанына жоғары баға беріп, олардың Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы елімізде жұмыс істейтін компаниялар жобаларының жүзеге асырылу барысын өз бақылауына алатынын айтты. Бұл ретте барлық экологиялық нормативтер мен нұсқаулардың сақталуы қажет екенін жеткізді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Үкіметі мен "Svevind Group" компаниялар тобының арасында жобаларды іске асырудың негізгі қағидаттары туралы шекті келісімге қол қою рәсімі өтті.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram