1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев Грузия президентіне көңіл айтты25 тамыз 2020, 12:31

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.

РИА Новости мәліметінше, жексенбіде Грузияда жолаушылар микроавтобусы шамамен 80 метр биіктіктен жартасқа құлап, 17 адам мерт болған, үшеуі емханаға ауыр жағдайда жеткізілген.

Куәгерлердің айтуынша, автобуста барлығы 20 адам болған - 17 әйел және үш ер адам.

Сондықтан 25 тамыз Грузияда аза тұту күні деп жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда митинг өтті