18 мамыр 2023 15:20

Тоқаев Huawei басшысымен келіссөз жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Huawei Technologies компаниясының басқарма төрағасы Лян Хуамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Huawei Technologies компаниясының басқарма төрағасы Лян Хуамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Президентке телекоммуникация саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірінің Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қатысты алдағы жоспары таныстырылды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Huawei мен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының теміржол желісін цифрландыру және жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

Лян Хуа Huawei компаниясы кең жолақты қолжетімді интернетті дамытуға және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретінде қалыптасуына қатысты зерттеулерді қаржыландырғанын айтты.

Мемлекет басшысы Huawei ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясының базасында IT-технология саласы бойынша білікті қазақстандық мамандарды даярлау жөніндегі жобаны жүзеге асыруды құптады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети