1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президентін құттықтады 20 маусым 2021, 13:14

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президенті Ибрахим Раисиге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Коллаж: Akorda.kz Коллаж: Akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президенті Ибрахим Раисиге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз - Отаныңыздың дамуын баянды, іргесін берік, мерейін үстем етуге бағытталған саяси бағытыңыз бен бағдарламаларыңызды қолдаудың, сондай-ақ, ирандықтардың болашаққа ұмтылысын өзіңізбен байланыстырып отырғанының жарқын көрінісі. Осы тұста, Иран Ислам Республикасы мен оның халқының игілігі мен кемел келешегін асыл мақсат тұтқан бастамаларыңыз бен қолға алған істеріңізге сәттілік серік болуына тілектестігімді білдіремін", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Иранды Каспий өңіріндегі тату көрші және ислам әлеміндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі ретінде санайтынын айтты.

Сонымен қатар, Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында қалыптасқан ынтымақтастықты сақтап қана қоймай, оған тың серпін, жаңа мән беретініне сенім білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтардағы тығыз ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін Иран Президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін нақтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, отбасына баянды бақыт, ал достас Иран халқына ырыс пен құт-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!