28 қаңтар 2021 17:52

Тоқаев жаңа агенттік басшысын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысы Жанат Элимановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысы Жанат Элимановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Элиманов агенттіктің алдағы жоспарлары, жақында таратылған Қаржы мониторингі комитетінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндады.

Президентке Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ шеңберінде Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (FATF) нормаларын іске асыруды өзара бағалаудың екінші кезеңін өткізуге дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жанат Элимановқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейтуді, бұл ретте бизнесін адал істеп отырған кәсіпкерлердің мүддесін қорғауды және олардың жұмысына жөнсіз араласуға жол бермеуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети