12 қаңтар 2022 | 15:32

Тоқаев жаңа Қазақстан құруға бет алды - мемхатшы Қарин

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінің негізгі түйіні неде екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінің негізгі түйіні неде екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарин Президенттің сөзі ең алдымен, лаңкестерге қарсы күрестің өткір кезеңі аяқталғанын білдіретінін айтты.

"Бұған дейін Мемлекет басшысы халыққа жолдаған жолдауларында лаңкестік агрессияға тойтарыс беру және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі барлық шара туралы хабардар еткен еді. Бұл жолғы үндеуі арқылы Президент атынан шыққан билік түпкілікті бастаманы өз қолына қайтарып қана қоймай, жаңа күн тәртібін белгіледі. Азаматтар, қоғам және элита үшін ертеңгі күннің көрінісі белгіленді", - деп жазды Ерлан Қарин Telegram-да.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, Президенттің күн тәртібі қоғамды шабыттандыруға, үміт, оптимизм беруге және күрделі мәселелерді шешу үшін сындарлы бағыт белгілеуге арналған.

"Ол баршаңызды үлкен жасампаз процеске – жаңа Қазақстанды құруға үндейді. Бұл алға жылжуы үшін барлық салауатты қоғамдық-саяси күштерді біріктіруді және шоғырландыруды көздейді.

Жаңа Қазақстан нені білдіреді? Бұл кейбір сарапшылар ұсынғандай, мемлекеттік аппаратты жаңарту ғана емес. Бұл, ең алдымен, қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғырту. Радикализмнен, экстремал көзқарастар мен әрекеттерден бас тарту, шығармашылық мотивті нығайту. Қоғамдағы барлық кемшіліктерді жеңу. Бұл кезең-кезеңімен және жүйелі реформаларды жалғастыруды білдіреді. Мемлекет саясатының гуманитарлық өлшемі және адами капиталға қатысу үлесі", - деп жазды Қарин.

Еске салайық, 11 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысына қатысқан болатын.  Ең алдымен, Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды. Сондай-ақ, жалақы, халық жағдайын жақсарту, LRT жобасы және т.б. маңызды мәселелерді көтеріп, нақты тапсырмалар берді.

LRT және қазақстандықтарға көмек көрсету қоры. Президент Тоқаевтың Мәжілісте сөйлеген сөзі жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети