Тоқаев жасанды интеллект дәуірінде рухани құндылықтарды ұмытпауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев жасанды интеллект дәуірінде рухани құндылықтарды ұмытпауға шақырды Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықтарды назардан тыс қалдырмау қажет екенін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықтарды назардан тыс қалдырмау қажет екенін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

"Түркі өркениетінің мол мұрасын сақтау және оны зерделеу – тарихи жадыны жаңғырту мәселесі ғана емес. Бұл – біздің бірегей болмысымызды, бірлігімізді және ынтымақтастығымызды көрсететін маңызды фактор", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенция жобасын пысықтау туралы ұсынысты қолдауға шақырды.

"Бұл құжат түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне құқықтық негіз болады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның осы саладағы қызмет аясын кеңейте түсуге ықпал етеді", - дейді Президент.

ТМҰ деген не және саммит неге Түркістанда өтіп жатыр?

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) бес елді біріктіреді: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан. Түрікменстан мен Венгрия - бақылаушы елдер. Ұйым түркі халықтары арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайту үшін құрылған.

Түркістанға түркі әлемінің рухани астанасы деген ресми мәртебе 2021 жылғы наурызда берілген. Содан бері қала ірі халықаралық кездесулер өтетін тұрақты алаңға айналды.

Тоқаев Түркістанды түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы деп атады

Саммитте не талқыланып жатыр?

Биылғы кездесудің тақырыбы - "Жасанды интеллект және цифрлық даму". Көшбасшылар ЖИ, IT-инфрақұрылым және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы бірлескен жобаларды талқылап жатыр. Былтыр ТМҰ елдері арасындағы тауар айналымы 13 миллиард долларға жуықтады.

Бұл неге маңызды?

2026 жыл ұйым үшін символикалық дата саналады: 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы съезге 100 жыл толып отыр. Сонымен қатар ТМҰ-ға жаңа серіктестер де қызығушылық танытып жатыр - "ТМҰ+" форматына АҚШ, Жапония, Қытай, Ұлыбритания, Израиль және Украина назар аударып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.92   546.77   6.43 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер