Тоқаев Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

16 Қараша, 14:34
2
Тоқаев Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті - Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтап, бауырлас Қырғызстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты қызметіне табыс тіледі.

Мемлекеттер басшылары екі елдің әртүрлі салалар бойынша стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған мемлекеттік сапары және Жоғары мемлекетаралық кеңестің 5-отырысына дайындық барысы қарастырылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай