12 наурыз 2021 20:45

Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды", - деп жазды Тоқаев Twitter желісінде.

Айта кетейік, Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында Қазақ жері шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеген болатын. Былтыр Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында Президент жерз шетелдіктерге сатылмайтынын, бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін енгізуі тиіс екенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети