Тоқаев Жұмағалиев, Мырзахметов және Склярмен кездесті

28 Наурыз, 18:18
3
Тоқаев Жұмағалиев, Мырзахметов және Склярмен кездесті -

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Жұмағалиев Қазақстан Президентіне ведомство жұмыстарының нәтижелері және орташа мерзімді кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы қорғаныс өнеркәсібі мен аэроғарыш саласының деңгейін көтеру және технологиялық тұрғыдан жаңғырту жөніндегі ведомстваның алдына қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, цифрлық технологияны біртіндеп және жан-жақты енгізу қажеттігін айтты.

Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Мемлекет басшысына ведомствоның қазіргі жұмыстары және алдағы жоспарлары жөнінде баяндады.

Қазақстан Президенті министрлікке бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тиімді орындаудың маңыздылығына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ индустриялық даму жобаларын уақтылы іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады.

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Қазақстан халқына арналған қазіргі Жолдаудағы, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі аясындағы Елбасы тапсырмаларының орындалу нәтижелері туралы есеп берілді.

Қазақстан Президенті мемлекеттік бағдарламаларды уақтылы және тиімді жүзеге асырудың, сондай-ақ халыққа әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету жөніндегі шараларды атқарудың маңыздылығын айтты.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай