Тоқаев Кабулдағы терактіге байланысты Байденге көңіл айтты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Кабулдағы терактіге байланысты Байденге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан астанасында америкалық әскери қызметшілер қаза тапқан лаңкестік әрекетке байланысты АҚШ президенті Джо Байденге көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан астанасында америкалық әскери қызметшілер қаза тапқан лаңкестік әрекетке байланысты АҚШ президенті Джо Байденге көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан халқының атынан Кабул халықаралық әуежайындағы террорлық шабуыл салдарынан АҚШ әскери қызметшілері арасында көптеген адам қаза тауып, жараланғанына байланысты Президент Байденге және Америка халқына шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды Президент Twitter-де.

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары тарихтағы ең қиын эвакуациялық әуе операцияларының бірін лайықты түрде аяқтайды деп сенетінін айтты.

"Қазақстан бұрынғыша терроризмге қарсы күрестегі барлық негізгі халықаралық әріптеспен күш-жігерді біріктіруге ниетті", - деді Тоқаев.

Еске салайық, кеше, 26 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сегізге жуық Кабул әуежайында екі жарылыс болды. Бірінші жағдайда, террорист әуежайға кіреберісте өзін жарып жіберді. Екіншісінде, Baron қонақүйінің маңында миналанған автокөлік жарылды, онда БАҚ-тың хабарлауынша, шетелдіктер, соның ішінде Ұлыбритания мен АҚШ азаматтары жиналған. БАҚ мәліметінше, 60-тан аса адам қаза тапты, 150 адам зардап шекті.

АҚШ генералы Кабул әуежайындағы жарылыстың жай-жапсарын айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети