20 наурыз 2019 | 12:48

Тоқаев қалалардың орталық көшелеріне Назарбаев есімін беруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі қалалардың орталық көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі қалалардың орталық көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалалардың орталық көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру қажет деп санаймын", - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, ол Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды. 

"Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: елордамызға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды. Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтті.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети