23 маусым 2022 15:37

Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы: Тәртіп сақшылары отаншылдықтың шынайы үлгісін көрсетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау қызметкерлеріне айрықша міндет жүктелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау қызметкерлеріне айрықша міндет жүктелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында Қазақстан полициясын 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл дата тәуелсіздік тарихындағы айтулы белес екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, құқық қорғау жүйесі - мемлекеттігіміздің берік негізі, елдегі тұрақтылықтың басты кепілі.

"Заңның орындалуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау - жауапкершілігі мол жұмыс. Өткен жылдарда ішкі істер саласына ауқымды әрі жүйелі реформа жасалды. Соның нәтижесінде, полициямыз өз міндетін жоғары деңгейде атқаруда. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде құқық қорғау жүйесі түрлі сын-қатермен бетпе-бет келді. Өтпелі кезеңдегі ахуал қандай күрделі болғанын жақсы білесіздер. Полиция қылмыспен табанды түрде күресті. Сол арқылы бизнестің қалыптасуына жағдай жасалды", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті құқық қорғау қызметкерлеріне айрықша міндет жүктелгенін, олардың әрқашан ширақ қимылдап, батыл әрекет жасауы кәсібиліктің белгісі екенін атап өтті.

"Бұл, әсіресе, қаңтар оқиғалары кезінде анық байқалды. Тәртіп сақшылары отаншылдықтың шынайы үлгісін көрсетті. Дегенмен, бейқам отыруға болмайды. Заман күн сайын өзгеріп жатыр. Жаңа сын-қатерлер пайда болуда. Оның бәрі ішкі істер органдарының түбегейлі өзгеруін талап етеді. Біз болашаққа нық сеніммен қадам басуымыз қажет. Қуатты мемлекет болу үшін мызғымас тұрақтылық, темірдей тәртіп орнауы керек. Бұл - еліміз үшін стратегиялық міндет. Отандық полиция осы міндетті абыроймен атқаратынына мен кәміл сенемін", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети