Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісіне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісіне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады", - делінген Президеттің баспасөз қызметі хабарламасында.
Ескертпе: Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің "Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары" деген 3-тарауы 9-тармағында былай делінген:
"Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпшілік алдында білдірмеуге тиіс".
Бұған дейін қазақстандық дипломат - Қазақстанның Мысырдағы, Алжирдегі және Тунистегі елшісі Қайрат Лама Шариф Facebook-парақшасында КСРО кезінен қалған бірқатар қала мен облыс атауларынан арылуды ұсынған болатын. Кейін жазба өшірілген.
Еске салайық, Қайрат Лама Шариф 2020 жылы қыркүйекте Қазақстанның Мысырдағы елшісі болып тағайындалған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!