20 қыркүйек 2022 08:36

Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасында стратегиялық серіктестік нығаятынына сенім білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/bort_01 Фото: t.me/bort_01

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Іскер топтармен бірқатар екіжақты кездесулер аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.

Іс-шараға Chevron, ExxonMobil, Fluor, Shell USA, The Solar Turbines, S&P Global, Centrus Energy Corporation, Boeing, Amway, GE International Markets, Honeywell UOP, Philip Morris, The Procter & Gamble Company, Baker Hughes, John Deere, Bechtel, Halliburton, Valmont, Champion Foods, PepsiCo, MasterCard, Citi, McLarty Associates, Macro-Advisory LTD, private equity fund RCF, Brownstein Hyatt Farber Schreck, Greenenberg Traurig LLP, Microsoft, Coursera, StartX, EPAM, Wabtec Corporation, Zscaler, DoorDash, Amazon, Pfizer, Medtronic, Netflix секілді ірі америкалық компаниялардың басшылары қатысты.

Президент мұндай форматта өткен кездесу игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан АҚШ-тың Сауда палатасы мен Іскерлік кеңес мүшелеріне ризашылығын білдірді.  

Мемлекет басшысы кездесуде Әділетті Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты мәлімет берді. Атап айтқанда, Президент энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, цифрландыру, қаржы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда америкалық жаңа ірі кәсіпорындардың пайда болуына қолдау білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық экономикалық серіктестік барлық салада әртараптандырылып, кеңейе беретінін атап өтті.

"Менің командамның инвестиция тартудағы тәжірибесі мол. Бұл компанияларыңызға аймақтың ең жылдам дамып келе жатқан экономикаларының бірінде бизнес жүргізуді жеңілдетеді. Бүгінгі кездесу сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуде, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуда нақты қадам болады деп сенемін", - деді Қазақстан Президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети